Витамин жетіспегенде болатын ауру
Витамин жетіспегенде болатын ауру
ЕНТ 2020 запись закреплена
#115, #Биология. #Витаминдер
ҰБТ-да көп кездесетін «витаминдерге» байланысты сұрақтар.
Осы постқа 150 репост жиналса тағы да витаминдерге байланысты 50 сұрақ енгіземін.
⓵.В1 витамині жетіспегенде кездесетін ауру: •/Бери-бери/
⓶.Дәрумендер (витаминдер)түзілуіне қатысады: •/Ферменттердің/
⓷.Адам ағзасында Д витаминін синтездеуге қатысатын сәулені белгілеңіз. (Ультракүлігін)
⓸.Құрамында В, витаминдер болмайтындар: •/Қауызы алынған дәнде/
⓹.Митохондрияның құрамында:
•/65-70% нәруыз, 25-30% липидтер/ мен нуклеин қышқылдары және витаминдер болады
⓺.Өсу және қаранғыда жақсы көруге қажетті витамин: •А
⓻.С витамині жетіспегеннен туатын ауру: •/Күрқұлақ/
⓼.Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады: •Д
⓽.Құрамында С витамині көп өсімдік:
•/Сарымсақ/
⓾.«В1» дәрумені: •/Сүт, жұмыртқа, жемістерде/
⑪.В12 витаминінің жетіспеуінен болатын ауру: •/Анемия/
⑫.«С» дәрумені қай тағамда көп мөлшерде: •Лимонда/
⑬.РР витамині жетіспегенде кездесетін ауру: •/Пеллагра/
⑭.D дәрумені жетіспегенде пайда болатын ауру . . . Мешел
⑮.Авитаминоз болу себебі:
•/Дәруменнің жетіспегсндігінен және жоқтығынан/
⑯.Адам ағзасында «В2» дәрумені жетіспесе, Ауыздың кілегейлі қабықшасы зақымданады
⑰.Дәрумендердің (витаминдердің) нашар сіңуінен болатын өзгеріс:
•/Ақыл-есінің және денесінің қалыпты дамуын тежейді./
⑱.Адам ағзасында «Д» дәрумені жетіспесе: •/Сүйектер қисайып, ондағы тұздардың мөлшері азаяды, іші үлкен болады/
⑲.Витаминдердің шектен тыс көп мөлшерде пайдалануы:
•/гипервитаминоз/
⑳.С витамині көп мөлшерде кездесетін тағам: •/Лимон./
㉑.Балаларда мешел ауруының дамуы мына витаминнің (дәруменнің) жетіспеуінен болады: •Д
㉒.Ағзада жетіспегенде “мешел”ауруы пайда болатын дәрумен: •D
㉓.Адамның көру, аузының сілемейлі қабығының зақымдануына әсер ететін витамин: •A
㉔.С витамині көп мөлшерде кездесетін тағам: •/Қарақат/
㉕.Адам ағзасында «С» дәрумені жетіспссе Қызыл иек қанауға бейім болып, қан аздық пайда болады
㉖.Балық бауырында, етінде, жұмыртқада болатын ағзада калий мен фосфор тұздарының алмасуын реттейтін дәрумен: •D
㉗.Витаминді алғаш тапқан ғалым:
•/Н.И. Лунин./
㉘.Адамның суық тиіп ауыратын ауруына қарсы тұру қабілетін жақсартатын дәрумен: •С
㉙.Қанның ұюына әсер ететін дәрумен: •К
㉚.«С»дәрумені: •/Орамжапырақтар,
лимонда,апельсинде,қызанақта,пиязда болады/
㉛.Адам ағзасына витаминдердің жетіспеушілігі: •/авитаминоз/
㉜.Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери аурына ұшырайды: •В1
㉝.«Д»дәрумені Балық майында, бауырда,жұмыртқаның сары уызында болады
㉞.Адам денесінде күн сәулесінің әсерінен түзіледі: •/Д дәрумені./
㉟.Жас сәбилерде Д витаминінің жетіспеуінен болатын ауру:
•/Рахит(мешел)/
㊱.«В2» дәрумені бидайда, етте, сүтте, бауырда болады
㊲.Адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартатын дәрумен: •С
㊳.В витамині мына заттардың алмасуына әсер етеді:
•/Көмірсулардың/
㊴.Торлы қабықшада орналасқан таяқшадағы қызыл түсті зат родопсинді түзетін витамин: •A
㊵.D дәрумені сақтандыратын ауру: •Мешел
㊶.Көздің бұзылуы ағзада мына дәруменнің (витаминнің) жетіспеуінен: •А
㊷.Ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді:
•/А дәрумені/
㊸.Биологиялық белсенді заттардын бірі міндетті түрде тағаммен түсуі керек, олардың қайсысының жетіспеуі әртүрлі ауру тудырады:
•/Дәрумен/
㊹.Адам ағзасында витаминдердің жетіспеуінен туатын ауру:
•/(Авитаминоз)/
㊺.Адам ағзасында «А»дәрумені жетіспесе: •/Ағзаның өсуі баяулап,көздің көруі нашарлайды/
㊻.Бауырда,сүтте,асқабақта қызанда болатын ағзаның өсуіне жәнедамуынаәсерін тигізетін дәрумен: •A
㊼.Қанның ұюына әсер ететін витамин: •К
㊽.РР витамині жетіспегендіктен пайда болатын ауру: •/Пелагра/
㊾.Митохондрияның ішкі мембранасының құрамында: •/65-70% нәруыз,25-30% липидтер мен нуклеин қышқылдары және витаминдер болады./
㊿.Қанның түзілуі үшін қажет витамин: •В12
Дәрумендер
Витаминдер жайлы түсінік
1880 ж. Н.И. Лунин табиғи сүтте жасанды сүтке қарағанда ағзаның қалыпты қызметін ұстап жүру үшін қажетті компо-ненттер бар екендігін ашты. Бұл заттар 1942ж. поляк ғалымы К.Функпен витаминдер деген атқа ие болды. К. Функ олардың құрамында амин топтары бар және олардың табиғаты белок екендігі анықталды. Бірақ кейбір витаминдерде амин топтары жоқ болып шықты, бірақ олардың қазіргі күнге дейін витаминдер деген аты сақталды.
Тағамның ауыстырылмайтын минорлы компоненттеріне витаминдер жатады. Витаминдер дегеніміз — адам ағзасында синтезделмейтін төменмолекулярлы органикалық заттар, бірақ кейбір тағаммен аздаған мөлшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді.
Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар – авитаминоздар болуы мүмкін. Бұл жағдайларда,витаминдердің биологиялық қізметіне байланысты метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да, ол сәйкес симптомдар түрінде көрінеді. Мысалы, В12 витамині жетіспегенде-қатерлі анемия пайда болады, В1 витамині- Бери-Бери полиневриттің, С витамині-цинга, Д витамині- рахит ауруларын тудырады.
Ал витаминдерді мөлшерден тыс пайдаланған кезде- гипервитаминоздар пайда болады. Мысалы: Д ,А гипервитаминозы белгілі. Д витаминінің көп болуынан балаларда краниостеноз, ал А гипервитаминозында бастың ауруы,көру қабілетінің бұзылуы пайда болады.
Физико-химиялық қасиеті бойынша дәрумендер:
- Суда еритін;
- Майда еритін болып жіктеледі;
Суда еритін витаминдер тобына жатады:
- В1 дәрумені (антиневериттік);
- В2 дәрумені (рибофлавин);
- В6 дәрумені (антидерматитті);
- В12 дәрумені (антианемиялық);
- РР дәрумені (антипелларлық);
- Фоль қышқылы (антианемиялық);
- Пантотен қышқылы (антидерматиттік);
- Биотин(дәрумен Н,антисеборейлық);
- С және Р дәрумені (антискорбуттық,өткізгіш).
Майда еритін витаминдер тобына:
- А дәрумені (антисерофтальмиялық);
- D дәрумені (антирахиттік);
- Е дәрумені (көбею дәрумені);
- К дәрумені (антигеморройлық).
Суда еритін витаминдер ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы,парааминобензой қышқылы,фоль қышқылы, биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.
Ағзаға маңызды негізгі 4 дәрумен
А витамині (ретинол)
Ретинол— антиксероофтальмикалық, антигемеролапикалық витамин. Өзінің химиялық табиғаты бойынша ол циклды қанықпаған бір атомды спирт болып табы-лады. А витминінің 2 түрі бар – А1 және А2. А1 витамині бета- ионондық сақинадан және изопериннің екі қалдығынан құралған: А вит. балықтың, сиыр-дың, шошқаның бауырында, сүтте, жқмыртқаның сары уызын-да, қаймақта көп болады. А вит. тәуліктік қажеттілгі:
- 4 — 8 жастағы балаларда 400 мкг/тәулік немесе 1300 МЕ (IU),
- 9 -13 жастағы балаларда 600 мкг/тәулік немесе 2000 МЕ (IU).
Ағзада ретинол ретинальға және ретиной қышқылына айналады. А вит. барлық түрлері белокты, липидті, көмірсулы алмасуға әсер етеді, фосфорлы- кальцийлі, калийлі алмасуды реттейді. Атап айтқанда, белокты алмасуда А витамині фенилаланиннің тирозинге айналуыен және адреналиннің синтезін жылдамдатады. Ағзада А витаминнің жетіспеушілігі кезінде А гипови-таминозының ең ерте белгісі- қараңғылық адаптация мен алакө-леңке көрудің зақымдалуы- гемеролапия дамиды.
D витамині (кальциферол)
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультра-күлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.
Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері:
- 1-3 жастағы балаларда 2500 МЕ
- 4-8 жастағы балаларда 3000 МЕ (IU) немесе 75 мкг/тәулік,
- 9 -13 жастағы балаларда– 4000 МЕ (IU) немесе 100 мкг/тәулік.
С витамині (аскорбин қышқылы)
С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.
С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздал-ған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұ-рынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
- 4 -8 жастағы балаларда 25-100 мг/тәулік
- 9 — 13 жастағы балаларда 45-400 мг/тәулігіне.
В1 витамині (тиамин)
В1 дәруменi (тиамин) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін аса қа-жет дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту про-цесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Тәуліктік қажеттілік:
- 1-3 жастағы балаларда 0,75 mg
- 4-8 жастағы балаларда 1,5 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 4 mg
В2 витамині (рибофлавин)
В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процесте-ріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады.
- 1-3 жастағы балаларда 0,85 mg
- 4-8 жастағы балаларда 1,7 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 3 mg;
В6 витамині (пиридоксин)
В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. Тәулітік қажеттілігі:
- 1-3 жастағы балаларда 3 mg
- 4-8 жастағы балаларда 6 mg
- 9 -13 жастағы балаларда 12 mg;
РР витамині (ниацин)
РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Тәуліктік қажеттілік: 5 – 10mg
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. дәруменсіз ағзаның өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік үшін қажетті зат деп аталуы маңызы зор. дәрумендер ағзадағы зат алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
Витаминдер.
2.Майда еритін витаминдер(А.Д.Е.К.Ф )
3.Суда еритін витаминдер / В тобындағы витаминдер/ .
Витаминдер – әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. 1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин / лат. vita – тіршілік, amin – амин / деген ат берді. Қазіргі уақытта витаминдердің30-ға жуық түрі жақсы зерттелген.
Витаминдерді осы уақытқа дейін латын алфавитының үлкен әріптерімен атайды А, Д, Е, К.Витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі үлкен топқа : майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді. Бұл көпшілікке танылған жіктеу. А- витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әр түрлі ауруларға әкеледі.
Д- витамині азықтарда болмағанда, немесе жетіспегенде төлдерде рахит аурулары дамиды. Рахит /грек rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы/ – мешел
/ құныс/ ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Е- витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Е- витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен тканьдерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Шөп астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Ғ витамині бұл митамин қанықтырылмаған май қышқылдарына жатады.
Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 /РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады. В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. В1 витамині / тиамин. Тиаминнің биологиялық активтігі фосфорлану процесінен кейін ғана пайда болады. Тиаминнің фосфорлы туындысы тиаминпирофосфат липоев қышқылымен бәрігіп, пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыру құбылысына қатысатын ферменттер құрамына кіреді.Тиамин жетіспегенде карбоксилазаның пайда болуы бұзылып, пирожүзім қышқылы одан әрі ыдырамағандықтан оның қандағы мөлшері бірсыпыра көбейеді. Ал пирожүзім қышқылының жиналуы орталық және шеткі жүйке жүйелері бөлімдерінің қызметіне ұнамсыз әсер ететіндіктен полиневрит ауруы пайда болады.
В2 витамині / рибофлавин/.Осы витамин тотықтандыратын сары ферменттер /ФАД, ФМН/ құрамына кіреді. Бұл витамин көмірсулардың алмасуына, глюкоза мен галактозаның ішекте сіңірілуіне қатысады. Көру органының, жыныс бездерінің, жүйке жүйесінің қалыпты қызметіне және төлдің құрсақта өсуіне рибофлавин қажет.
Рибофлавин жетіспеуінен организмдегі органикалық заттардың тотығуы бұзылады. Мысалы, бұл жағдайда қанттардың алмасуы бұзылып, бауырдағы гликогеннің пайда болуы төмендеп, сүт пен пирожүзім қышқылдарының тотығуы тоқтайды.
Рибофлавин жетіспеген жағдайда организм белок пен амин қышқылдарын нашар пайдаланады.
В3 витамині / пантотен қышқылы/. Пантотен қышқылы
/ грек. Пантос – желаяқ/ 1943 жылы қолдан жасалды. Пантотен қышқылы ашық сары, жабысқақ сұйық. Бұл қышқыл өзінің биологиялық активтігін организмде А коферменті ретінде көрсетеді.
Пантотен қышқылы жеткіліксіз болса, организмнің өсіп – жетілуі баяулайды, терісі зақымданады, жүйке жүйесінің қызметі және ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады.
1914жылы К. Функ пеллагра ауруын жазатын заттың табиғатын анықтады. Бұл зат никотин қышқылы болып шықты.
Никотин қышқылы – ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, кристалдар. Ол жоғарытемператураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілі ерітінділерге тұрақты. Никотин қышқылы амидінің де витаминдік қасиеті бар.
Никотинамид зат алмасуына өте қажетті ферменттердің /кодегидраза, кодегидрогеназа, немесе НАД, НАДФ/ құрамына коферменттер ретінде кіреді. Ал бұл ферменттер сутегінің алмасуына әсер етеді. Бұл витаминнің рационда жетіспеуі пеллагра дейтін ауыр індетке ұшыратады.
В6 витамині /пиридоксин/.В6 витамин тобына пиридоксил немесе пиридоксин, пиридоксаль мен пиридоксамин кіреді.
Пиридоксин жетіспегенде жануарлардың азықты пайдалануы мен өсуі нашарлап, терісі қабынып /дерматид/, аяқтары құрысып және жансызданып, қандағы темірдің мөлшері көбеюіне қарамастан қанның жалпы мөлшері азайып гипохромдық анемия пайда болады.
В12 витамині / цианкобаламин/. Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны оны кобаламин деп атайды.
Свитамині /аскорбин қышқылы/. С витамині су мен метиль спиртінде жақсы, этиль спиртінде нашар еритін, ацетон мен эфирде ерімейтін ақ кристалды ұнтақ.
Химиялық жағынан С витамині – аскорбин қышқылы. Организмде бос аскорбин қышқылы қалпына келтірілген / аскорбин қышқылы/ және тотыққан /дигидроаскорбин қышқылы/ түрінде кездеседі.
С витаминнің жануарлар организміндегі физиологиялық мәні өте үлкен. Клеткалардың тыныс алуына, белоктар мен қанттар алмасуына қатысу, организмнен улы заттарды шығару – аскорбин қышқылының негізгі биологиялық ролі. Аскорбин қышқылы дәнекер тканінің, коллаген мен хондрамукоид белоктарының бауырдағы гликогеннің пайда болуына, қарын шырынының бөлінуіне, тирозин қышқылының тотығуына, нуклеин қышқылдарының өзгеруіне қатысады.
С авитаминозының белгілері:
С витаминінің ұзақ уақыт жетіспегендігінен құрқұлақ ауруы пайда болады. Бұл авитаминоздың төрт белгісі бар : ішектің зақымдануы, ет пен теріге қан құйылу, буын мен сүйектердің өзгеруі және қанның азаюы.
В6 витамині /фоль қышқылы/. 1945ж фоль /лат. fjlium – жапырақ/ қышқылының құрамы анықталып, оның жасанды түрі анықталды.
Адам ағзасына күнделікті қандай витаминдер қажет?
Витаминдер — организмнің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті зат. Ол адамның ой еңбегін арттырады, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
А витаминi
А витамині балаларда жеткіліксіз болса, дамуы тежеледі, жұқпалы ауруларға бейім болады. Сондай-ақ, ересек адамдардын көзі ауырып, көрмей қалуға дейiн апарып соғады.
- Ересек адам ағзасына күніне 2,5-5 мг;
- Екіқабат, бала емізетін әйелдер үшін 4-5 мг;
- Кiшкентай балаларға 2-3 мг жесе пайдалы.
Балық майы | 0,5-25 г |
Сары май (жазғы) | 5-30 г |
Жұмыртқаның сары уызы | 5-25 г |
Қаймағы алынбаған сүт | 125-500 г |
Бауыр ет (жазғы) | 1,0-2,5 г |
Бауыр ет (қысқы) | 8-14 г |
Семіз ет | 60-70 г |
Салат | 2-5 г |
Сәбіз | 5-13 г |
Қызанақ | 40-60 г |
В витаминi
В витамині жетіспесе, тез шаршағандық, тамаққа көңіл соқпаушылық, күйгелектік пайда болады. Сондай-ақ, нерв қызметі бұзылады. Мұның бәрі асқынып бери-бери дертіне шалдықтырады. Ғалымдар тазартылған ақ күріштен пісірілген тамақты жиі пайдалантын адамдардың бери-беримен тез ауыратынын анықтаған.
©Xcook.info
- 1-3 жастағы балаларда 0,85-1 мг;
- 4-8 жастағы балаларда 1,5 мг;
- 9-13 жастағы балаларда 3 мг;
- ересек адамдар үшін күніне 2 мг жеткілікті.
В витаминi қандай тағамдардын құрамында кездеседi?
Ашытқы | 11-41 г |
Сұлы жармасы | 200-300 г |
Бидай наны | 500-1000 г |
Сиырдың бауыр еті | 200-400 г |
Жұмыртқаның сары уызы | 180 г дейін |
Қарақат | 350-600 г |
Картоп | 625 г |
Бұршақ | 120 г |
В витаминдер тобында РР витамині бар. Бұл витамин адам ағзасында жеткіліксіз болса, пеллагра ауруына шалдықтырады. Оның белгілері: адамның ауызы ойылады, сілекейі ағады, іші өтеді, денесіне бүртік шығады, ұйқыдан айрылады, ұмытшақтық пайда болады.
РР витамині мал етінде, бауырда (сиыр еті), балықта, қара нанда кездеседі. Елімізде өсетін бидайларда РР витамині мол. Мәселен, бір бидайда орта есеппен 50 мг РР витамині бар.
С витамині (аскорбин қышқылы)
Адам ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор. С витаминінің жеткіліксіздігінен, дінгене ауруы пайда болады. Соның салдарынан адам тез шаршайды, аяқ-қолы сырқырайды, тісі қызарып, бөртіп қанайды, ауыздан жағыссыз иіс шығады, денеде қызыл бөртік пайда болады, гемоглабині азаяды.
- Ересек адамда С витамині 50-60 мг,
- кішкентай балада 15-25 мг болуы керек.
- Жалпы, С витамині балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге көбірек қажет.
©TutKnow.ru
Құрамында С витамині бар көкөністер мен жемістер
Қарбыз | 220 г |
Ақ орамжапырақ | 20-80 г |
Түсті орамжапырақ | 30 г |
Көк жуа | 120 г |
Сәбіз | 330 г |
Картоп | 60-120 г |
Көк бұршақ | 60 г |
Қызыл бұрыш | 10 г |
Редиска | 180-200 г |
Томат шырыны | 30-60 г |
Қызанақ | 50-100 г |
Лимон шырыны | 40 г |
Апельсин шырыны | 30 г |
Шие | 130 г |
Жидек | 30-60 г |
Малина | 160 г |
Мандарин | 40 г |
Өрік | 120-200 г |
Қарақат | 13 |
Алма | 60-400 г |
Д витаминi
Д витамині негізінен балалар ағзасы үшін өте пайдалы. Ағзада бұл витамин жетіспесе, мешел ауруына шалдықтырады. Мешел ауруы кезінде баланың сүйектері иілгіш келледі, тісінің өсуіне кедергі болады.
Сондай-ақ, Д витамині күнделікті мөлшерден артық желінсе, ағзаға үлкен залал келтіреді. Ішi өтіп, салмақ жоғалтады.
©agushkin.ru
Д теңіз балығының майында, қаймағын алмаған сүтте, сары майда, ашытқыда, жұмыртқаның сары уызында болады.
Какао | 0,00025 г |
Сары май | 0,001-,0008 |
Сүт | 0,00025 |
Теңіз балық майы | 0,37-0,4 |
Қаймақ | 0,00125 |
Жұмыртқаның сары уызы | 0,0125 |
Тамақты сақтағанда витаминдер бұзылады. Тұрақсыз суда еритін С витаминін сақтау үшін жемістер мен көкөністердің сыртқы қабығын жұқа етіп аршу керек. Тамақты эмаль ыдыста, көкөністерді қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл тамақ құрамында витаминдердің сақталуы үшін маңызды.
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар ( лат . вита — өмір + аминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар ). Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферментердің құрамына кіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу пролцесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен , жеген тамақтың құрамында п р о в и т а м и н (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б.витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады.
Ұзақ мерзім бойы жеген тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда а в и т а м и н о з, ал жеткіліксіз болса г и п о в и т а м и н о з , мөлшерден артық болса г и п е р в и т а м и н о з деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса , адам өліп те кетүі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.
Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері ішіп – жейтін тамақтың құрамында тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.
А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 – А витаминының түрлері.
А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында « соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың , жатырдың, ішектің, өкпенің кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауыруларға төзімділігі төмнгднйді. Бұлар құрамында А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.
В1 витамині (тиамин). Асқорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т.б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не қажеттіліксіз болса адам «бери-бери» (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Индокитайда, Филипин аралдарында және Жапонияда осындай науқанстар байқалған. Бұл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегенде оның болмайтыны белгілі болады. В1 витамині бидайдың қабығында , бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етәнде көп болады.
Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин және тиазол деп аталатын заттарға айналады.
Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфарландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.
В2 витамині (рибофлавин) — сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және лиюмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айырылады.
Ал пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.
Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.
Рибофлабин жауарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.
В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.
Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі; бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбизде және ашытқыда мол болады.
Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.
В12витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмінде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.
Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек – қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микорбтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10 – 20 мкг.Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.
С витамины ( аскорбин қышқылын ) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагенібұзылып, сүйек сынғыш болады.С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.
Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бұл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.
С витамині көкеністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бұрышта, жемісөжидекте жеткілікті мөлшерде болады.
С витаминіне тәулік қажеттілігі 50 мг шамасында. Бұл мөлшер көктем айларында көбірек болуы тиіс.
Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немес рахит (грек. рахис – омыртқа) ауруы пайда болады. Ол Англияда жиі тараған ауру, сондықтан оны ағылшын ауруы деп та атайды. Күн сәулесә аз болатын аймақта, қыс кезінде туған балаларда мешел жиі байқалады.
Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектер жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі.
Д витаминінің жетіспеуінен әйелдің, кей кезде ер адамның да жыныстық қабілеттері бұзылуы мүмкін.
Дені сау дұрыс өскен балалардың қанында фосфор 5 мг % болады, ал мешелмен ауырғанда 2-3 мг%-ға дейін азаяды. Дәрігерлер қанның фосфор көрсеткіші бойынша мешелдің пайда бола бастағанын анықтай алады. Науқастың алдын алу үшін Д витаминін немесе осы витаминге бай сары май, жұмыртқаның сары уызы және бауырды күнделікті тағам мәзіріне енгізіп керек жәе баланы далаға күн сәулесі түсетін жерде көп жүргізу керек. Өйткені Д витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді, сондықтан қыста суық болса да баланы қалың киіндіріп далаға шығару керек. Бұл витаминнің тәуліктік қажетті мөлшері 25 мкг.
Е витамині (токоферол). Токоферолдың a, b, g түрлері бар, бірақ а – токоферол ғана белсенді. Бұл витамин өте тұрақты, қайнатқанда ыдырамайды, 170 ` C температурада бұзылмайды.
Токоферол жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда оның мөлшері азайғанда сперматогенез, яғни ерлердің ұрық клеткасының өндірілуі тежеледі, спермотозоиттардаың жіпшелері жоғалып, қозғалу қабілеті жойылады. Жыныс гормондары өнбейді, ересек ер адамдардың сыртқы жыныс белгілері (сақал, мұрт) пайда болмайды. Егер әйелде Е авитаминоз болса, ол балакөтеру қабілетінен айырылады. Ондай әйелде ұрықтану болғанымен, ұрықтың өсу қарқыны төмендейді де тіршілігін жоғалтып, түсік түседі. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса, дұрыс бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.
Е авитаминозы болған кісілердің жолақ еттерінде гликоген аз жиналады, натрий тұзы көбейеді, ал калий, магний, фосфор тұздары азаяды. Ондағы миозин мөлшерінің пішіні өзгеріп, кішірейеді, ет дистрофиясы байқалады.
Е витаминінің антиоксиданттық қасиеті бар, ол клетка мембранасының беріктігін қамтамасыз етеді. Токоферол А витаминімен, каротинмен арақатынаста болып олардың қышқылдардың әсеріне төзімділігін арттырады.
Токоферол жануар және өсімдік текті азықтарда болады. Ол етте, жұмыртқада, сүтте, сары майда, көкеністе, нанда, мақта майында көп болады.
Е витамині денедеқор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада (бала жолдасында), бауырда, бұлшық етте көбірек жиналады, сондықтан оның қоры жыл мерзіміне байланысы жоқ. Е авитаминозы сирек кездеседі.Тәуліктік қажет мөлшері 1 – 1,5 мг
К витаминінің филлохинон (Кк) және фарнохинон (К 2) деген екі түрі бар. Екеуі де қанның ұюына қатысады. Бұл витамин денеде аз болғанда протробиннің өндірілуі тежеледі, қанның ұю қабілеті мен белоктың түзілуі нашарлайды, адам қансырайды. Бұл витамин табиғатта К1 және К2 витамині түрінде кездеседі.
К витамині ішек қуысында, бактериялардың әрекетімен түзіледі. Жейтін тамақтың құрамында да болады. Оның ішек қабырғасын, қан тамырына өтуіне бауыр өті жол ашады.
Жаңа туған баланың ішегінде микрофлора әлі болмағандықтан, К витаминінің мөлшері жеткіліксіз, бірақ нәресте оны ана сүтімен толықтырады. Егер ана сүті жарытпаса, балада геморрагия сырқатын тудырады.
К витамині азық – түліктің бәрінде дерлік бар, әсіресе шпинатта, капустада көп болады.
Р витамині (флавин, цитрин) С витамині іспетті қан тамырларының беріктігін сақтайды. Р авитаминозы кезінде қан тамырларының серпімділігі төмендеп, қан айналысы бұзылады.
Бұл витаминнің молекулалық құрамы флавонга негізделген, сондықтан оның флавон және полифенол түрлері де бар. Бұлар эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында, т.б. өсімдіктерде көп болады.
Антивитаминдер – витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне биімделген қарсы заттары болады. Мысалы, тиаминге қарсы пиритамин, С витаминіне қарсы глюкаскорбин қышқылы, пиридоксинге – дезоксипиридин қарсы әрекет жасайды.
Антивитаминдер витаминдердің белсенділігін төмендетеді, ферменттермен байланысын үзеді де, олардың ұлпаға әсерін төмендетеді. Химиялық құрамы жағынан бұл заттар витаминдерге өте жақын болғандықтан кейде « жалған» витамин ретінде әсер етеді. Олардың бұл әрекеті витаминдердің белсенділігі басым болғанда жойылады.
Тамақтану мөлшері.
Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер және минерал тұздары міндетті төрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май -1, көмірсу – 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда бұл көрсеткіштер 1:2:3.
Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып , бойға жақсы сіңеді.
Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздарының мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасының өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фофордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек.
Балалардың тамағында сүт, айран, көкөніс, жеміс жеткілікті мөлшерде болса, оладың организміне қажетті минерал заттары мен витаминдер толық мөлшерде болып, жастардың жақсы өсіп, денсаулықтары дұрыс қалыптасады.
Тамақтану тәртібі.
Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болады. Мұның себебі күн мен түн , сергектік пен ұйқы, жұмыс жағдайының тәулік ішінде өзгеріп тұрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі тәулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен өтеді де, ас қорыту фнрменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.
Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасты. Мұның себебі күн мен түн, сергектік пен ұйқы, жұмыс жағдайының тәулік ішінде өзгеріп тұрады. Осыған байланысты ас қорыту мүшелерінің қызметі, олардың сөл өндіруі тәулік ішіндегі қалыптасқан ырғақпен өтеді де, ас қорыту ферменттерінің белсенділігі жоғарылайды. Кезекті мерзімінде тамақтану ас қорыту нәтижесін арттырады.
Төрт мерзімді тамақтану тәртібі адам өмірінде орын алып, қалыптасады. Жұмыс жағдайына қарай 3 мезгіл тамақтанса да жеткілікті, ал одан аз болса, тамақтану тиімсіз және ас қорыту мүшелерінің қызметі табиғи ырғағына сай болмайды.
Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.
Күндіз тамақ ішу арасы 4 – 5 сағат болыу тиіс. Түнде тамақ ішпей, ас қорыту мүшелерінің демалуы 8 – 10 сағатқа созылады. Әрине, бұл тәртіп, жұмыс істеу уақыты мен жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Тамақтанудың ертеден қалыптасқан тәртібі бойынша таңертеңгі ас тамақтың тәуліктік мөлшерінің 20 – 25 %, 2 сағаттан кейінгі жеңіл тамақ 10 – 15%, түскі тамақтану 40-45 %, ал кешк 20-25% болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңертеңгі ас 25-30, түскі — 45-50, ал кешкі 20-25 % болады.
Тәуліктік азықтың құрамындағы қоректік заттардың арасында тепе – теңдік қатынасы сақталуы тиіс. Академик Т.Ш.Шармановтың қағидасы бойынша, белок, май, көмірсу, витаминдер, минерал тұздары мен судың тәуліктік азықтағы үлес қатынасы организм тіршілігі үшін қажетті мөлшерде болу керек. Оның ішінде валин, лейцин т. б. маңызды амин қышқылдары және қанықпаған май қышқылдары мен витаминдер жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы және басқа өндіріс орындарының жұмыс ерекшелігіне сәйкес тамақтану тәртібінің басқадай түрлері болуы мүмкін.
Ішіп жеген астың сіңімділігі оның дұрыс пісіп және әртүрлі тағамның жеу кезегіне де байланысты. Түскі тамақты салат жеуден батстап, содан соң сұйық ыстық ас (кеспе, сорпалар)ішкен организмге тиімді. Алғашқы тағамдарды қабылдағанда қарын сөлі уақытында өндіріліп, астың қорытылуына жол ашылады. Осдан негізгі тағамды, айталық етті тағамды жегенде ас қорыту мүшелері толық дәрежеде қызмет етуге дайын болады. Түскі тамақтануды сусынмен аяқтайды.
Таңертең жұмысқа тамақ ішпей барғанда, еңбек нәтижесі төмен болады.
Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста – 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9 жаста – 89 г, 10-15 жаста – 100-106 г.
Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3 – 3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5 – 4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.
Источник